Body: 





31.03.2022

Қамқоршылық кеңестің 1 отырысы

31.03.2022 ж. күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің Қамқоршылық кеңесінің 2022 жылғы бірінші отырысы өтті. Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры З.С.Ғайыпов кеңестің мәжілісін ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Отырыста колледж директоры З.С.Ғайыпов Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларымен және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстырып, 2021 жылдың қорытындысы – колледжде атқарылған ауқымды жұмыстар мен іс-шаралар бойынша есеп берді, және де 2022-2025 жылдары атқарылатын міндеттер мен мақсаттарды таныстырды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы С.Н.Батпенов, ал оның хатшысы - Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Г.Мырзагалиева сайланды. Қамқоршылық кеңес төрағасы С.Н.Батпенов пен кеңес мүшелері колледж басшысы З.С.Ғайыпов басқарып отырған ұжымның жұмысына оң бағасын берді. Қамқоршылық кеңес төрағасы С.Н.Батпенов кеңес отырысын қорытындылай келе, Қамқоршылық кеңестің 2022 жылға құрылған жұмыс жоспарына сәйкес, бірнеше бағыттағы атқарылатын жұмыстарды айтып өтті.



Хатшы Мырзагалиева Г.Г.