Body: 





07.04.2022

Әлия Қибатқызымен кездесу

2022 жылдың 7 сәуірінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға уәкілі полиция майоры Қибатқызы Әлиямен «Психобелсенді заттардың жаңа түрлері және синтетикалық есірткі» тақырыбында кездесу өтті.

Нарықта жаңа әлеуетті қауіпті психобелсенді заттардың пайда болуы Қазақстанда да, шетелде де байқалады. Бұл жаңа технологиялармен (химиялық заттардыңдизайнерлік өндірісі), сондай-ақ есірткі айналымын криминализациялауды айналып өтудің жаңа қажеттіліктерімен байланысты.

Кездесу барысында Әсия Қибатқызы Қазақстанда қолдан жасалған дәрі-дәрмектер жиі кездесетінін айтты, құрамында эфедрин бар дәрі-дәрмектерден (мұрын тамшылары мен жақпа, көз тамшылары, бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар) және первитин тұрады.

Кез – келген тәуелділікті емдеудегі алғашқы қадам-пациенттің өміріне теріс әсер ететін тәуелділігі бар екенін мойындау керек. Нашақорлықты емдеудің ең тиімді әдісі – кешенді оңалту бағдарламалары. Оңалту орталықтары көп болғанымен, барлығы бірдей принциптерге негізделген болып табылады.

Кездесу барысыңда бір неше бейне фильм көрсетілді. Кездесу әр студент үшін жемісті және қызықты өтті. Кездесу соңында студенттер полиция майоры Әлия Қибатқызына қол жетімді және өзекті ақпарат үшін алғыс білдірді.



Әлеуметтік педагог К. Мусина