Body: 





14.04.2022

Менің мамандығым- менің мақтанышым!

2022 жылғы 14 сәуірде Нұр-Сұлтан қ. ҚР ІІМ Көліктегі полиция Департаментінде "Ашық есік күні" өтті, осыған орай 10410400 "Жол қозғалысын ұйымдастыру" мамандығы бойынша білім алып жатқан 1ОДД-221 және 2ОДД-220 топтарына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Студенттерге ҚР ІІМ Көліктегі полиция Департаментінің аумағында кезекші диспетчердің жұмысын, полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру және оқу дайындығын, қару-жарақтарды, арнайы қорғанысты, байланыс құралдарын, жедел іздестіру иттерін, патрульдік қызметтің машиналары мен автобустарын көрсетіп, экскурсия жүргізілді.

Студенттерімізге патрульдік қызмет машинасын қарау, криминалистика қызметкерлерінің жұмысы және арнайы тәрбиеленген кинолог иттердің жұмысы өте ұнады. Полиция қызметкерлері оқу тапаншалары мен автоматтарын бөлшектеу мен жинауды көрсетіп, жастарға толық ақпарат берді.

Экскурсия нәтижесінде студенттер өздеріне қажетті және ұнайтын мамандықты таңдағанына өте риза болды. Олар Нұр-Сұлтан қаласы ҚР ІІМ көліктегі полиция Департаментінің қызметкерлеріне қызықты экскурсия үшін алғыстарын білдіріп, оларға тәжірибеге келуге уәде берді.



Кәсіптік бағдар және жұмыспен қамту
бойынша бөлім меңгерушісі Бақыт Ұ.



Арнайы пәндер оқытушысы Аубакирова Т.Н.