Body: 





15.04.2022

«ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Жоғары көлік және коммуникация колледжі жазғы емтихандық сессия қарсаңында колледж әкімшілігі мен «Адал ұрпақ» студенттік клубы «Таза сессия» атты жемқорлыққа қарсы акция ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты - студенттердің құқықтық санасын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілік.

Колледждегі акция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізілді: 15 сәуір күні оқу орнының оқытушыларымен ақпараттық дәріс, оған ДАДГСПиК спикерлер пулының мүшесі, Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Мағзұм Арсланбек арнайы шақырылды. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, оқытушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ жастармен атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары айтылды.

Сондай-ақ, акция аясында студенттер арасында білім беру қызметтерін ұсыну және емтихан қабылдау сапасына қанағаттанушылық тұрғысынан сауалнама жүргізілді, емтихан сессиясы кезінде жағымсыз фактілерге байланысты мәселелерді ашық талқылау ұйымдастырылды.

Жоғары көлік және коммуникация колледжінің басшылығы - студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессия» өткізуді бақылауға және сапалы білім алуға өз құқықтары аясында әділдікке қол жеткізуге шақырады.



Директордың ТІЖ орынбасары Г. Мырзагалиева