Body: 





27.04.2022

Темір жол көлігі нысандарындағы қауіпсіздік тәртібі

2022 жылдың 27 сәуірінде Теміржол инфрақұрылымы объектілерінің аумағында кәмелетке толмаған балалардың жарақаттануының алдын алу жұмыстары шеңберінде Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Нұр-Сұлтан станциясының поездар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі бас маманы М. Г. Айтмағанбетовамен және Астана локомотив пайдалану депосының инженер-технологы А. Б. Салықовпен кездесу ұйымдастырылды. Темір жол қызметкерлері студенттерге теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру мақсатында аталмыш тақырыпқа әңгіме өткізді.

Кәмелетке толмаған балалардың жарақаттануының алдын алу жұмыстары шеңберінде студенттердің назарын теміржол көлігі объектілеріндегі жүріс-тұрыс ережелеріне аударды. Студенттердің назарын теміржолды өту кезінде арнайы бөлінген жаяу жүргіншілер төсемдерінен өту керектігі бойынша қауіпсіздік талаптарының сақталуына, поезд жүретін аймақ жанында ойындардың қауіптілігіне, қауіпсіздіктің нұсқағыш белгілеріне назар аударуға, берілетін сигналдарға құлақ асуға аударды.

Поездың жүруінен кейін бірден жол аралығына шығу жағдайы орын алса, қарсы бағыт құрамының жоқтығына көз жеткізу қажет, байланыс желісінің электр тогымен зақымдануын болдырмау үшін вагондардың төбесіне шығуға және байланыс желісіне жақындауға болмайды.

Студенттердің әңгімеден шығарған басты қорытындысы - өмірден құнды ештеңе жоқ!

Студенттермен осындай түрде өткізілген іс-шаралар, теміржол инфрақұрылымы объектілері аса қауіпті аймақ екіндігін есте сақтауына бағытталған.



Есентаева Ж.Б.