Body: 





27.04.2022

"ЖҚТБ" таралу мәселесі

2022 жылдың 27 сәуір күні колледждің тәрбие бөлімі мен Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығының қызметкерлерімен бірігіп, бірінші курс студенттеріне «ЖҚТБ» таралу мәселесі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Бұл кездесудің мақсаты АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша хабардарлықты және білімді арттыру, АИТВ-жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру, әлемде АИТВ-инфекциясының таралу проблемасымен таныстыру, вирустың таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат беру болды.

Кездесу барысында дәрігер-эпидемиологтар Ахметова Айгерим Данияровна және Жастлек Гаухартас Муратқызы студенттерге арнайы бейнеролик көрсетілімін ұйымдастырды. Эпидемиолог мамандар студенттерге АИТВ/ЖИТС вирусынан туындаған ауру бұл 1980 жылдары кеңеюі басталғаннан бері 35 миллион адамның өмірі қиылғанын айтты. Шын мәнінде, адамның иммун тапшылығы вирусының пандемиясы - адамзат тарихындағы өлімге әкелетін бесінші пандемия. Тұрақты зерттеулерге қарамастан, жыныстық жолмен берілетін бұл ауру емделусіз қалады. Сонымен қатар, жұқпаның алдын алу салыстырмалы түрде қарапайым болғанымен, АИТВ бүкіл әлем бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудың дабылы болып қала береді. Алайда, бүгінде қол жетімді емнің арқасында АИТВ жұқтыру өлім жазасы емес екені түсінікті болуы керек екендігін түсіндірді.

Кездесудің көрермендері белсенділік танытып, бірнеше сұрақтар қойып, кездесуде толық жауаптарын ала алды.



Педагог-психолог Г. Универкызы