Body: 





27.04.2022

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

2022 жылдың 27 сәуірінде Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 2021-2022 оқу жылына арналған бірлескен жоспарды іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданы КҚПБ ЖПҚБ УПИ қызметкері, полиция капитаны А.Б. Бескембирова 2 және 3 курс студенттерімен кездесті. Агиля Болатовна «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында әңгіме жүргізді.

Кездесу мақсаты колледж студенттері арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.

Полиция капитаны А.Б. Бескембирова сабақтан тыс уақытта білім алушылардың мінез-құлқы, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу туралы нәтижелі профилактикалық әңгіме өткізді. Темекі және алкоголь өнімдерін, есірткі заттарын пайдалануға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Агиля Болатовна түнгі уақытта көшеде білім алушылардың жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне тоқталды. Жиі жасалатын құқық бұзушылықтар туралы айтып, нақты мысалдар келтірді.

Студенттер инспекторды үлкен ықыласпен тыңдап, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды. Бұл іс-шара бекер өтпеді деп үміттенгім келеді және студенттер олардың өмірі тек өздеріне байланысты екенін есіне алды…

Қорытындылай келе, полиция капитаны Бескембирова Агиля Болатовна студенттерге құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және өз өмірбаяндарын сақтауға тілек білдірді.



Әлеуметтік педагог Мусина К.А.