Body: 





30.04.2022

Бейнеролик.

2022 жыл 30 сәуірде Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналаған «Отан. Армия. Жас Сарбаз» деген атаумен жаппай жүгіру өтті.

Алғашқы рет өткізіліп отырған жаппай жүгірудің басты мақсаты – өскелең ұрпақьтың арасында спорт пен салауатты өмір салтына деген құлшынысты, ынта – жігерді арттыру, жастарға бұқаралық спортты насихаттау. Дені сау, тәні сау ұрпақ – тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасы екені анық. Сол себептен төзім мен жігер күшін арттыратын спорт түрлерінің кең дамуына ат салысу.

Аталмыш шараға Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери қызметшілері, Нұр – Сұлтан қаласы «Жас Сарбаз» қозғалысының, ҚР ҚМ С.Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің және Жоғары көлік және коммуникация колледжінің тәрбиеленушілері қатысты. Бұл жаппай жүгіруге қатысушылардың жалпы саны 1000 адамды құрайды.

Жаппай жүгіруге қатысушылар «Отан Ана» монументінен бастап, Тәуелсіздік даңғылы – Б. Момышұлы – Сарайшық - Түркістан көшелері арқылы «Бәйтерек» монументі бағыты бойынша жүгіріп өтті.