05.05.2022
Жасөспірімдердің ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы
2022 жылдың 5 мамыр күні колледждің психологиялық қызметі мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Талжібек Сатылғановна Сатымбековамен бірігіп, 1 курс студенттеріне «Жасөспірімдердің ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты: студенттердің ғаламтор, әлеуметтік желілерде түрлі топтардың, мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету, бопсалау мәселелерінің алдын-алу.
Т.С.Сатымбекова «буллинг», «кибербуллинг», «хейтинг», «киберсталкинг», «грифинг» ұғымдарының мәнін түсіндіріп, өзгелерді қорқыту, жәбірлеу жағдайларының негізгі белгілерін атап көрсетіп, интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, Неліктен жасөспірімдер де Ғаламторға тәуелділік тым тез пайда болады?, «Өзіңізде тәуелділік қалыптаса бастағанын қалай білуге болады?, Егер досыңыз кибербуллинг құрбанына айналған болса, қандай негізгі белгілері бар?» тақырыптарында әңгіме-сұхбат жүргізді.
Кездесу соңында, студенттер бейнематериалдар тамашалап, өз пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.
Психолог Э. Бегалиева