04.05.2022
ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА ҚҰРЫЛЫМДАРЫ УАҚЫТ ТАЛАБЫНА САЙ РЕФОРМАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
2022 жЕлордалық Достық үйінде ҚХА құрылымдарының уақыт талабына сай реформаның бірлескен отырысы өтті.
Бірілескен отырысқа Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Қоғамдық кеңесінің, Ғылыми-сараптама тобы және елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында «Мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын. Референдум — аса маңызды демократиялық институт. Алайда Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы қазіргі қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткізілді. Одан кейін «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бірақ содан бері Конституцияға төрт рет өзгертулер енгізілгеніне қарамастан, ол іс жүзінде қолданылған жоқ. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халық қалауының айқын көрінісі болады деп есептеймін. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады», - деп айтқан болатын.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, ШЖҚ «Көлік және коммуникация жоғары колледжі» МКК директоры Зулфухар Гаипов: «Конституциялық реформаның саяси мәні – бұл суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу мақсатында екінші республиканың конституциялануы».
Бірлескен отырыс барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, елордалық Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Ирак Елекеев, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «№ 47 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ басшысы Ольга Тодераш, Қоғам қайраткері, «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы басқарма мүшесі Зухра Саяпова және елордалық Ассамблея мүшелері Мемлекет басшысы ұсынған референдум аясында атқарылатын жұмыстың негізгі басымдықтарын талқылап, уақыт талабына сай реформаның маңыздылығын атап өтті.
Дереккөз: https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1157587888427192&id=100025...