20.05.2022
ҚР Конституциясына түзетулерді түсіндіру бойынша кездесу
Бүгін Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулерді түсіндіру бойынша педагогикалық ұжыммен және студенттермен кездесу өтті.
Кездесуде колледж директоры З.С. Гаипов, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары А. Т. Ахметова, Б. Т. Сапаров сөз сөйледі.
Кездесу оқытушылар мен студенттердің қызығушылығын тудырды. Ұжым референдумға үлкен ықыласпен қарайды.