Body: 





21.05.2022

Елордада алғаш рет оқушыларға арналған "JasSkills-Nur-Sultan-2022" чемпионаты өтуде

2022 жылғы 16-17 мамырда "Электрмонтаждау жұмыстары 14+" құзыреттілігі бойынша "JasSkills-Nur-Sultan-2022" қалалық чемпионаты өтті.

Чемпионат Жоғары көлік және коммуникация колледжінің алаңында өтті.

Қатысушылар 4 дербес модульден тұратын модульдік тапсырмаларды орындады. Әрбір орындалған модуль бөлек бағаланады:
1. Электрмонтаждау жұмыстарын жүргізуге дайындық.
2. Электр жабдықтарын орнату және монтаждау, кабельдер мен сымдарды төсеу және қосу
3. Электр желісі мен электр жабдығын іске қосу-жөндеу жұмыстары
4. Қолданыстағы электрмен жабдықтау жүйесінің электр жабдығы мен электр желісінің ақауларын тексеру.

Қорытындылау кезінде қазылар алқасы бағалау критерийлері бойынша сайыскерлердің жұмыстарын бағалады.
- Давыденко Я.М. – 1 орын
- Коломейчук А.А. – 2 орын
- Надеин Д.Е. – 3 орын

Осы чемпионатқа оқушылардың жоғары дайындығын атап өткім келеді және "Спецэлектра" АҚ бас сарапшысы М.М. Қоссовқа оқытушылар мен әлеуметтік серіктесі конкурстық тапсырманы әзірлегені үшін алғыс айтамыз.