Body: 





24.05.2022

«Референдум – демократиялық қоғамның маңызды құралы» тақырыбында кездесу

2022 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев және «Қазақ қызы» қоғамдық ұйымының төрайымы Қарақат Жақсылыққызы Әбденмен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» түсіндіру жұмыстары бойынша Жоғары көлік және коммуникация колледжінің қызметкерлері және студенттерімен «Референдум – демократиялық қоғамның маңызды құралы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты - оқу орнының оқытушылары мен 18 жасқа толған, сайлау құқығына ие жастарына референдумның мән-мақсатын түсіндіру және 5 маусымда референдумға халықты белсенді қатысуға шақыру.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы, Конституциялық реформаларды түсіндіру жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша республикалық қоғамдық штабтың басшысы Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы конституциялық реформаның негізгі тармақтары туралы айтып, сөз кезегін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевке және «Қазақ қызы» қоғамдық ұйымының төрайымы Қарақат Жақсылыққызы Әбденге берді.

Ақылбек Қажығұлұлы жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, референдумға енгізіліп жатқан өзгерістер мемлекетіміздің қарапайым азаматының өмір жағдайына қаншалықты оң әсер беретіні жөнінде кеңінен айтып өтті.

Кездесуде қатысушылардың сұрағына нақты жауап берген Сенат депутаты Ақылбек Қажығұлұлы әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды.

Қарақат Жақсылыққызы еңбек ұжымына дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді және референдумға белесене қатысуға шақырды.



Г.Мырзагалиева