Body: 





01.06.2022

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкиева Динара Болатқызы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесуі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкиева Динара Болатқызы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесіп, 5 маусым күні өтетін референдумды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің модераторы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Референдумды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің басшысы, ТжКББ мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы Ғайыпов Зулфухар Сұлтанұлы ұстаздар мен студенттерге осы жексенбі күні өтетін референдумның еліміз үшін үлкен маңызын атап өтіп, барша қатысушыларды Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына бір кісідей ат салысуға шақырды. Дала демократиясына негізделген әділетті Қазақстанның болашағына семіммен қарасақ, егемен еліміздің ертеңін көркейте аламыз дей келе, сөз кезегін кездесу қонағы Динара
Болатқызына ұсынды. Мәжілісмен өз сөзінде референдумның мән-мағнасын айта келе, конституцияда болатын өзгерістерге жеке жеке тоқталды. Ұстаздар мен студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, сөзін нақтылай түскен халық қалаулысы, еліміздің ертеңі болған жастарға ақ алғысы мен ізгі ниеттін жеткізді. Сонымен бірге, ұжым мүшелерін жексенбі күні референдумға белсенді қатысыға шақырды.