05.06.2022
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы референдумда дауыс берді
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Ғайыпов отбасымен бірге референдумда дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info.
Баршаңызды бүгінгі тарихи күнмен құттықтаймын. Мен отбасыммен сайлау учаскесіне барып, тарихи таңдауымды жасадым. Еліміздің болашағы үшін, өскелең ұрпақ үшін, жаңа, әділетті Қазақстан үшін өз дауысымды бердім. Осы тарихи сәтте отанымыздың болашағын айқындауда үлкен қызмет атқарыушы сайлау учаскелерінің қызметкерлеріне сәттілік тілеймін, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Elorda.info.