Body: 




06.09.2022

Оқытушыларға арналған тәжірибелік семинар!

Оқу жылының басында Колледжімізде оқу-әдістемелік кабинетпен оқу бөлімі бірлесіп «Жаңа оқу жылына әдістемелік жұмыстарды жоспарлау» тақырыбында іс-тәжірибелік семинары өтті.
Семинарға Колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А.К. Канапина, әдіскерлер, 11 кафедрасының меңгерушілері мен оқытушылары қатысты.
Семинар жұмысы білім беру ұйымдарында оқу-жұмыс бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, күнделікті сабақ жоспарларының әзірлену сапасын жақсарту мақсатында, оқытушыларға әдістемелік көмек жасауға бағытталды. Тәжірибелік семинарда оқытушылар осы оқу жылындағы жұмыс құжаттарына қатысты сауалнамалар қойып, мағлұмат алды. Жалпы қазіргі таңда Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру бағдарламалары студенттерге қажетті біліктілікті алуға және қысқа мерзімде жұмысқа орналасуға, ал қажет болған жағдайда қосымша басқа біліктілікті алуға мүмкіндік беретіндігі туралы талқыланды.
Білім беру бағдарламалары өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұраныстарына бейімделе келе әзірленетіндігі осылайша, колледждер жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін мамандарды даярлауға бет алғандығы туралы кеңінен айтылды.
Семинар нәтижесінде, оқытушылар әдістемелік бағыт-бағдар алып, өз тәжірибесін де ортаға салды.

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы
бойынша орынбасары Г.Чалгинбаева