Body: 




13.09.2022

Оқуға құштар колледж!

2022 жылдың 13 қыркүйегінде кітапханада "Оқуға құштар колледж" қалалық жобасын жүзеге асыру аясында " Кітапхана – табыс мекені!" тақырыбында ашық есік күніне арналған акция өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді Қазақстан және облыс кітапханаларының тарихымен таныстыру, студенттердің отансүйгіштік сезімін, тарихи өткенге мақтаныш сезімін, кітапқа деген құрмет пен ұқыпты көзқарасын қалыптастыру. Осы Акция барысында 1 курс студенттерімен «Кітапхананы пайдалану ережелері» әңгімесі, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді? «Қазақстандағы кітаптар мен кітапханалардың тарихы» тақырыбына кітапханалық сабақ және «Сіздерге арналған шеберлік сыныбы» кітапханалық анықтамалық жүйені зерттеу. Сондай-ақ электронды каталогтың, анықтамалық-библиографиялық аппараттың іздестіру мүмкіндіктерінің көрсетілімі ұйымдастырылып, презентация көрсетілді. Оқудың жоғары мәдениетін қалыптастыру және оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту оқу үдерісінің басым бағыттарына айналуы тиіс.