Body: 




13.09.2022

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу!

2022 жылдың 13 қыркүйегінде колледжде "Құқық " ҚҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының 2022-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және бірлескен жоспар шеңберінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған құқықтық сипаттағы барлық сұрақтарға жауап алды.