Body: 




14.09.2022

Педагогтарды аттестаттаудың шарттары мен талаптары!

Әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен "Педагогтарды аттестаттаудың шарттары мен талаптары" семинары өтті
Колледжімізде әдістемелік бөлімінің жоспарына сай 14 қыркүйекте 2022-2023 оқу жылдары аттестаттаудан өтетін оқытушыларға арналған семинар өткізілді. Семинарға осы оқу жылы біліктілік санатын көтеруге үмітті педагогтар оффлайн, басқа қызығушылық танытқан оқытушылар Zoom платформасы арқылы онлайн қосылды.
Семинарға қатысушыларға педагогтарды аттестациялаудың талаптары, нормативтік құжаттар, ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу мерзімдері, педагогтар қызметінің қорытындысын кешенді талдау құжаттарына қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Алдыңғы оқу жылы аттестациядан өткен педагогтар ұсынған материалдардағы оң тәжірибе мен кемшіліктері атап өттілді.
Сондай-ақ, кезекті және мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде біліктілік санаттарына қойылатын талаптармен таныстырылды.
Семинарға қатысушылар кезекті және мерзімінен бұрын аттестаттауға дайындық кезінде пайда болатын мәселелерді атап өтті, колледж әдістемелік комиссиясы шеңберінде олардың шешу жолдарын анықтады.
Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік бөлім жетекшілері педагогтарды аттестацияға жүйелі түрде дайындауға және оны табысты өтуіне бағытталған ұсыныстар жасады.
Қатысушылар өткізілген семинардың тәжірибелік құндылығын атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаева