Body: 




20.09.2022

"Астана жастары" ЖРО!

20.09.2022 жылы колледждің 1 курс студенттерімен "Астана жастары" ЖРО өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында студенттерге орталықтың қызметі, оның мақсаттары және жастармен жұмыс жөніндегі алдағы жоспарлары туралы айтылды.
Қонақтар студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, оларды білімді, мәдени және белсенді азаматтар болуға шақырды.
"Астана жастары" ЖРО қызметінің мақсаты жастардың талантты және дарынды өкілдерін қолдау және олардың жемісті қызметі үшін жағдай жасау және іс-шараларды ұйымдастыру.