21.09.2022
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК-де Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кеңесі отырысын өткізді.
Кеңес жұмысын бастамас бұрын, қонақтар бағдарламаға сай Колледжімізде экскурсияға катысты. Негізі 1945 жылы қаланған Елордамыздағы тарихи білім ордаларының біріндегі экскурсия Колледж мұражайынан басталды. Мұражай меңгерушісі Т.Н.Естемесов Колледжді әр кезеңде басқарған директорлар және сол кезеңдегі жетістіктермен, біздің мақтаныштарымызбен, жәдігерлер тарихымен таныстырып өтті. Экскурсия «ENERGY» HCTC құзіреттілік орталығына жалғасты.
Құзыреттілік орталығының меңгерушісі Ж.Б.Шаяхметова қонақтарды қазіргі өндіріс үлгісіндегі инновациялық құрал-жабдықтармен таныстырды. Олар келесі кешендерден тұрады:
1. Электроника және электр машиналары зертханасы;
2. Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтарының интерактивті бағдарламалық-аппараттық кешені;
3. Компьютерлік тренажерлік кешендер және автоматтандырылған оқу курстары;
4. Электрмонтаждау зертханасы.
Құзіреттілік орталығындағы ерекше тренажерлардың бірі "Қазақстан Темір Жолы"АҚ энергетикалық саласында пайдаланылатын нақты өндірістік объектіні негізге ала отырып, Мәскеу қ. "Электр станциялары мен желілерінің тренажерлары"ТЭСТ АҚ әзірлеген тартымдық қосалқы станцияның тренажері болып табылады.
Осы отырыста Кеңес мүшелері «Кәсіптік білім берудің тұрақты даму аспектілері: сын-тегеуріндер мен перспективалар» тақырыбында сөз қозғады.
Отырыстың ашылуы ҚР Оқу-ағарту министрлігі ТжКББ департаментінің директоры Н.Ж. Оспанованың кіріспе сөзінен басталды.
Павлодар қаласының «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК басшысы С.Т. Джартыбаев, Қызылорда жоғары колледжінің басшысы Р.К. Дулдул, Ақтөбе қаласындағы «Глобал-Спецодежда» өндірістік бірлестігінің жетекшісі, ҚР Жеңіл өнеркәсібі Президиумының мүшесі Н.А. Шабаева, Е.Б.Кузенбаев Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңалықтар туралы пікірлерін ортаға салды.
Кеңес барысында ТжКББ ұйымдары директорлары ұтымды ойлары мен тәжірбиелерін ортаға салды.
Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаева