Body: 




27.09.2022

«Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес берем» Библио-кросс
2022 жылдың 27 қыркүйек Жоғарғы Көлік және коммуникация колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында ұйымдастырылған «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес берем» Библио-кросс шарасына 1 РЭТ - 222 топ студенттері мен пән мұғалімі Калякпарова Айжан Әбдімолдаевна қатысты. Кез келген ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері ең алдымен сол халықтың әдебиетінде із тастайтыны ақиқат. Қазіргі таңда қазақ әдебиетінің әрқилы кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлеріміздің бірі – Төлен Әбдік. Жазушының шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуімен, өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыда қарауымен, өмірдің қайшылықты құбылыстарының күрделі шындығын ашумен ерекшеленеді.
Шара барысында Төлен Әбдіктің өмір баяны мен шығармашылығы жайында мағұлматтар беріліп. «Парасат майданы», «Қайырсыз жұма» «Әке» повестері қысқаша мазмұндалды, «Оң қол» әңгімесі желісі бойынша түсірілген фильм көрсетіліп, автордың шығармашылығына арналған презентация көрсетілді.
Омарова М.М.