28.09.2022
«Социум және мен жеке тұлғалық өсу»
Қыркүйек айының 28 күні колледж педагог-психологтарының ұйымдастыруымен Еуразия гуманитарлық институтының Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Тұрманова Жаңагүл Егембердіқызы 1 курс студенттерімен «Социум және мен жеке тұлғалық өсу» тренингі өткізілді. Тренинг барысында жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын-алу мақсатында төмендегідей жаттығулар орындады:
- мінез-құлықтағы coping-стратегиялар;
- тайм менеджмент;
-IQ және EQ дамыту жолдары.
Студенттер жаттығуларды қызыға орындап, алдағы уақытта күнделікті өз өмірлерінде қолданатындарына уәде етті.