Body: 




29.09.2022

«Біз - оқуға құштар буынбыз»
Колледждерде оқырмандарды кітапханаға тарту, оқырмандар белсенділігін және білім алушылардың оқуын жақсарту, оқырмандық құзіретінің дамуына септігін тигізу мақсатында Колледжде еріктілер клубы құрылды.
«Оқуға құштар колледж» концепциясы аясында кітапхана «Біз кітап оқитын ұрпақпыз» волонтерлік қозғалысы өз жұмысын бастап кетті. Еріктілер клубына 1-курс студенттерін тартылды, біртіндеп 2,3- курс студенттерінде кіріктіру жоспарлануда. Клуб мүшелері кітапханада ұйымдастырылатын іс-шаралар, кітап қорын реттеуге, бейнероликтер әзірлеуге, ақпараттық таратпа материалдар жасауға көмектеседі. Өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз, өйткені волонтерлік қозғалыс қазіргі қоғамның үрдісі болып табылады.

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаева