Body: 




04.10.2022

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу»

2022 жылдың 4 қазанында колледжде ювеналды полиция инспекторы Г.Е. Нұрғалиева Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының 2022-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс жастар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында өткізілді. Студенттер құқық бұзушылықтың не екенін және оның қылмыстан қалай ерекшеленетінін, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатынын, кәмелетке толмаған кезде қылмыс жасаған адамдар үшін жазаның қандай түрлері мен мөлшері қарастырылғанын білді.
Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған құқықтық сипаттағы барлық сұрақтарға жауап алды.
#RUMCDO
#bilimastana
#студенческоесамоуправление
#студенческийпарламент