Body: 




06.10.2022

«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз»

«Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» Әдеби аукцион.

2022 жылдың 6 қазанында Астана қаласы «Жоғарғы Көлік және коммуникация» колледжінің 1Л-222 тобының студенттерімен Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» Әдеби аукционы өткізілді. Шара барысында кітапханашы М. Омарова, ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны Абай Құнанбайұлының еңбектері мен шығармашылығы жайында баяндады. Студенттердің арасында Бекайдар Файзолла Абайдың «Сегіз аяқ» , Жұмахмет Күлжайна «Ішім өлген сыртым сау», Исенова Мадяр « Бөтен елде бар болса», Ислам Шумаков, «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңдерін оқыса, Жақсылық Анель 24-ші қара сөзін, АқанҒазиз 1-ші қара сөзін, Жұмағалиев Еламан 19 -шы қара сөзін, Абиева Арайлым 16-шы қара сөзін оқыды. Шара соңында студенттерге Абай кітаптары аукционға қойылып, аукционға қойылған кітаптарды Абай туралы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттерге сыйға тартылды.
Омарова М.М.
#RUMCDO
#bilimastana
#студенческоесамоуправление
#студенческийпарламент