Body: 




11.10.2022

«Қазақстанның салт – дәстүрлері кітап дерек көздерінде» Кітапханалық квест

«Қазақстанның салт – дәстүрлері кітап дерек көздерінде» Кітапханалық квест
2022 жылдың 11 қазанында Жоғарғы Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында, кітапханашы М.Омарова «Қазақстанның салт – дәстүрлері кітап дерек көздерінде» Кітапханалық квест өткізді. Кітапханалық квест өткізудегі мақсат, салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері туралы мәлімет беру болды. Халқымыздың біртуар ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев: «Егер сен ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқы. Ол - шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма», - деп берілген пікіріне сүйеніп, шара барысында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы салт-дәстүрлерден үзінділер оқылды. Қазақтың салт – дәстүрлері туралы видео көрсетіліп, М. Әуезовтың Абай жолы романын оқуға ұсынылды.

Омарова М.М.