Body: 




13.10.2022

"Әлеуметтік желілердегі экстремистік топтардың қатері және зайырлы мемлекет тұжырымдамасы"

13.10.2022 жылы колледж студенттері үшін жастар арасында құқық бұзушылық пен діни экстремизмнің, терроризмнің алдын алу бойынша "әлеуметтік желілердегі экстремистік топтардың қатері және зайырлы мемлекет тұжырымдамасы" атты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Дәріскерлер дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері. Кездесудің мақсаты студенттер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сананы тәрбиелеу, терроризм мен экстремизм, оның алдын алу туралы түсінік беру болды. Студенттерге қажет болған жағдайда Сенім телефондары арқылы хабарласуға ұсыныстар берілді. Кездесу барысында қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап берді.