Body: 




14.10.2022

«Казакстан Aselsan инжиниринг»

14.10.2022 жылы Э. Галимовтың жетекшілігімен "Электроника" пәндік үйірмесінің студенттері кәсіпорынмен танысу мақсатында "Қазақстан Aselsan инжиниринг" компаниясына барды. "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ әскери және азаматтық Машина жасаудағы инновациялық және технологиялық құзыреттердің тиімді орталығы болып табылады. "ҚАЕ" ЖШС 2011 жылы ҚР қорғаныс өнеркәсібінің электронды – оптикалық өнім бөлігіндегі міндеттерін орындау мақсатында құрылды. ҚАЕ 50% қатысу үлесі бар "Қазақстан инжиниринг "ҰК АҚ, 49% қатысу үлесі бар "Aselsan" түрік компаниясы және 1% қатысу үлесі бар Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің бірлескен кәсіпорны болып табылады. "Инновация көшбасшысы" дипломымен марапатталған.