17.10.2022
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері
17.10.2022 жылы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ҚАА вице-президенті Гамал Бекболатұлы Түзелбаевпен колледж студенттері үшін кездесу өтті. Дәріскер Мемлекет басшысы алдағы уақытта елдегі жағдайға оң әсер етуі тиіс түбегейлі шараларды жариялағанын атап өтті. Атап айтқанда, ұлттық табысты әділ бөлу, өскелең ұрпақты қолдау, денсаулық сақтау мен білім беру, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бағытында шешуші қадамдар жасалды.