Body: 




А Байтұрсыновтың 150 жылдығына «Ұлттың ұлы ұстазы» әдеби кеш.

А Байтұрсыновтың 150 жылдығына «Ұлттың ұлы ұстазы» әдеби кеш.
2022 жылдың 28 қазанында Жоғарғы Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында, мемлекет қайраткері, аудармашы, ағартушы және түркітанушы А Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кешке Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Г. Қ, Ахметова және 1Л -222 тобының студенттері мен «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі Г.Т. Базылбаева және үйірме мүшелері қатысты. Шара барысында Байтұрсынов туралы мәлімет беретін видео фильм көрсетіліп, шығармашылығы туралы ақпараттар оқылды. Шараға қатысқан Жолдыбай Б., Жұмахмет Г., Мұратбек А., Әбен Ә., Ғалымжан Ернар сынды студенттер Байтұрсыновтың өлеңдері мен мысал әңгімелерін оқыды. Кеш соңында Байтұрсыновтың шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып студенттер белсене жауап берді.

Омарова М.М.