Body: 




«Әлем таныған Әуезов»

2022 жылдың 4 қарашасында Жоғарғы көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында М Әуезовтың 125 жылдығына «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Шара барысында 1ЭН- 122 тобының студенттеріне, көрнекті қазақ жазушысы, драматург және ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясының академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері М Әуезовтың шығармашылығы мен өмір жолы туралы ақпараттар беріліп, видео фильмдер көрсетілді. Студенттерге Мұхтар Әуезовтың кітаптары таныстырылды.

Жунусова Г.Б.