Body: 




«ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында республикалық Қоғамдық Кеңес мүшелерінің қатысуымен үгіт-насихат кездесуі өтті»

08.11.2022 жылы колледжде ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында республикалық Қоғамдық Кеңес мүшелерінің қатысуымен үгіт-насихат кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басқару институтының директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы, "AMANAT" партиясының "Сарыарқа" аудандық филиалының атқарушы хатшысы Руслан Шәкібайұлы Қонақбаев құрамындағы РОШ мүшелері қызметкерлермен және студенттермен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген тарихи мұраны сақтау, оқытушылар мен жастарды қолдау шараларын талқылады “Әділетті Қазақстан: барлығына және әркімге. Қазір және мәңгілікке”. Кездесуге 150-ден астам адам қатысты. Кездесуде тыңдаушыларға үгіттік-баспа өнімдері таратылды.