Body: 




«Бабалар үні» ауызша журнал

2022 жылдың 9 қарашасында Жоғарғы көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында «Оқитын колледж» бағдарламасы аясында «Бабалар үні» ауызша журнал іс-шарасы өткізілді. Шараны тарих пәнінің мұғалімі Ж. Кенжебеков 1ЭН – 222 тобының Иса Н., Баян А., Зейнәділ Н., Мұхамеджан Е., Мұратай Б., Сауттанов Д., Рысбеков С., Мырзагалиев Р. сынды студенттерімен Қазақ зиялыларының ұлттың болашағы артында қалдырған өсиет нақыл сөздерін мәнерлеп оқып, мағанасын талдап түсіндірілді. Жалпы "Бабалар сөзі - даналық көзі" деген тақырып үлкенді сыйлау, құрметтеу, сөздің мәнін түсіну, сәлем беру, ата - анаға деген құрмет сияқты қасиеттер туралы сөз қозғалады. Балаларға сондай қасиеттерді бойларына дарыта білуге көмектеседі.Шара барысында қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерінен презентация көрсетілді.
Омарова М.М.