Body: 




Жарқын болашақ білімнің еншісінде – Үздік жас маман!

Білікті кадрларды даярлау үдерісінде педагог кәсібінің мәртебесін көтеру, шығармашылық қабілеттерін анықтау, олардың кәсіптік және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Үздік жас маман» іріктеу байқауына білім беру жүйесінің білікті басшылары, тәжірибелі жетекшілері әділқазылық жасады.
Колледжіміздің жас оқытушысы Жұмабек Таңнұр еліміздің Үздік жас маманы сайысында 3-жүлделі орынға ие болды. Ол ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысып келеді. Жұмабек Таңнұр «Жол құрылысы және автомобиль көлігін пайдалану» кафедрасының оқытушысы. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: «Менің мамандығым-педагог» (визиттік карточка), «Жаңашыл технологияларды және сандық ресурстарды қолдана отырып, жаңа оқу материалын түсіндірудің үзіндісі», «Менің педагогикалық лайфхактарым» (шығармашылық тапсырма). Әрбір тапсырмаға шығармашылықпен келген жас маманымыз шеберлікпен орындап, бір жылдық еңбек өтілімен қалалық конкурстың жүлдегерлері қатарына ене алды. Әріптесімізді құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!!!

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасар Г.Чалгинбаева