Body: 




ТАҒЫ БІР ЖЕҢІС!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Астана қаласы бойынша филиалы 2022 жылы дәстүрлі «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық үздік бейнесабақ байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқауға колледжіміздің оқытушысы Естемесов Талғат Нұрманбетұлы қатысты. Оқытушы байқауға оқыту пәнінен «Табиғатты ұтымды пайдалану принциптері. Экономикалық таза өндірістерді жобалау» тақырыбындағы бейнесабағын ұсынған болатын. Ұйымдастыру комитеті байқау нәтижелерін қараша айында жарияланатынын айтқан. Сөйтіп, 2022 жылдың 11 қарашасында Астана қаласында марапаттау рәсімі өткізілді.
Қаламыздағы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан ұсынылған жұмыстар нәтижелері бойынша І орын -1, ІІ орын -1, ІІІ орын -1 тапсырылды. Қатысушылар арасынан колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Естемесов Талғат Нұрманбетұлы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Марапаттау рәсімі барысында жеңімпаз ретінде Талғат Нұрманбетұлы әріптестерімен іс-тәжірибесімен бөлісті.
Естемесов Талғат Нұрманбетұлына денсаулық, шығармашыл идеялар тілейміз. Оқытушының алатын биіктері алда болғай!

Әдіскер Ж.Т.Мылтыкбаева