«Кәсіптік білім беру және әлеуметтік cеріктестердің бизнес – диалогы»
2022 жылдың 15 қарашасында колледжде «Жұмыс берушілер күні» аясында мамандарды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді өзара серіктестікті нығайту мақсатында «Кәсіптік білім беру және әлеуметтік серіктестердің бизнес-диалогы» іс-шарасы өткізілді.
Алғы сөзді колледж директоры міндетін атқарушы Жүніспеков Өміргүл Хамзинұлы техникалық білім берудің тәжірибеге бағытталған бағыты болып табылатын осындай бірлескен жобалардың, іс-шаралардың маңызды екенін, оның білім беру сапасын арттырып, колледждің мәртебесі мен жұмыс берушілердің колледж түлектеріне сұранысының артуына әкелетінін және бәсекеге қабілетті білікті кадрларды жоғары деңгейге көтеретінін, сондай-ақ кәсіби шеберлік байқауларына қатысушыларды дайындайтындығы туралы айтты.
Іс-шара қонақтары: Адами ресурстарды басқару Департаментінің Бас менеджері З.С.Серіков; «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ақмола магистральдық желі филиалы» Астана сигнализация және байланыс дистанциясы қызметкері - А.Г.Сарсенғалиев; «Электр энергетиктер Ассоциациясы» ОЮЛ қызметкері - А.Б.Телев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қырқыншы механикаландырылған жол дистанциясы» филиалының қызметкері - С.Е.Назыров. Іс-шара аясында «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша ШЖҚ «ҚР Президенті Әкімшілігінің автомобиль паркі» РМК қызметкері Нұрсейітова Жанара Әубәкірқызымен меморандумға қол қойылды. Қонақтар мен қатысушылар үшін «ENERGY» HCTC құзыреттілік Орталығының электрмен жабдықтау, WorldSkills үшін электр монтаж, жаңартылатын энергия көздері, «Теміржол вокзалдарының жұмысын ұйымдастыру» іскерлік-ойыны зертханаларына; тасымалдауды ұйымдастырудағы ақпараттық технологиялар аудиториясына экскурсия өткізілді. «Тәжірибелік бағдар – «Электровоз тренажеры» аудиториясының бәсекеге қабілетті маманының табысты жолы» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мамандықтар шеруі өткізіліп, колледждің «Темір жолшылар» әнұраны орындалды және әлеуметтік серіктестер Қазақстан Республикасы Білім министрлігі, Астана қаласы Білім басқармасының және Астана қаласының Жоғары көлік және коммуникация колледжінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Салтанатты шараның соңында әлеуметтік серіктес «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қырқыншы механикаландырылған жол дистанциясы» филиалының қызметкері - С.Е.Назыров болашақ мамандарға өз тілектерін білдірді.