21.11.2022 г.
"Тәуелсіздік ұрпақтары" жобасы!
"Тәуелсіздік ұрпақтары" жобасы аясында Алматы, Астана, Шымкент қалаларының университеттерінде көшбасшылық, бизнес, психология, волонтерлік, мобилография тақырыптарында шеберлік сыныптары өтті. Өткізілген оқу іс-шараларынан кейін TEDx форматында "Болашақ Қазақстан менің көзіммен" тақырыбында жастардың кездесуі ұйымдастырылды. Онда «self made жастарының» ең белсенді өкілдері мемлекеттің дамуы мен маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу туралы өз көзқарастарын білдірді. Нетворкинг алаңында белсенді жастардың идеялары мен ұсыныстары талқыланды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды елдің әлеуметтік және саяси өміріне тартудың және жан-жақты дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Президент Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуі тиіс үш маңызды бағытты атады. Олар: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, көзі ашық жандар алға бастайды, түрлі кәсіп игеру жас азаматтардың қолында. Елдің олардан тың бастамалар және озық идеялар күтетінін қаперге салды. Іс-шараны ұйымдастырушы "Қазақстандық Даму қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі өкілдерінің айтуынша, басты мақсат – қазақстандық "selfmade жастардың" тарихы мен кәсіби қалыптасуын насихаттау, жастардың іскерліктерін, дағдыларын, практикалық тәжірибесін игеру, жастардың "Дарын" сыйлығы туралы жалпы түсінігін қалыптастыру, дарынды адамдарды ынталандыру және тану болып табылады. Жиынға қатысқандар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шаралар "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша өтті.
Ойнет жаңалықтар сайты: https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=43917
© Oinet.kz
#студенческоесамоуправление
#студенческийпарламент
#самоуправление
#RUMCDO #bilimastana