Body: 





22.11.2022 г.

Мен кітапты ашамын мен әлемді танимын Әдеби кейстанимын»

2022 жылдың 22 қарашасында «Жоғарғы көлік және коммуникация» колледжінің кітапханашылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Қ. Орынбаева 1М- 222 тобымен «Оқуға құштар колледж» бағарламасы аясында Мен кітапты ашамын мен әлемді танимын Әдеби кейс іс шарасын өткізді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастыралы, мінез – құлқына, тұрмыс – тіршілігіне ықпал етеді.
Әдеби шығарма адамның бүкіл ой – қиялын, сыр – мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді. Қысқасы адамның көңіл – күйінде сан сапа құбылыстар ту ғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген.
Шара барысында студенттермен әдеби шығармалардың барлық жанрлары қарастырылып студенттер өздері оқыған жанрларындағы шығармаларын қысқаша баяндап берді. Мысалы Жорабаева Алтынай М Мағауиннің «Аласапыран» романынын және поэма жанры бойынша Абайдың «Масұғыт» поэмасын қысқаша мазмұнын ортаға салды. Ал поэзия тақырыбында Дулат Ақерке М Мақатаевтың «Жас қайың» өлеңін оқыса, әңгіме жанры бойынша Піспекбай Бақдәулет А. Кемелбаеваның «Қаршыға» әңгімесін мазмұндап берді. Драмма жанры бойынша Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмассынан видео үзінді және повесть жанры бойынша Т Әбдіктің «Әке» повестінің аудио кітапбы тыңдалыды. Мысал өлең жанры бойынша А Байтұрсыновтың «Ат пен есек» мысал өлеңін Таңсық Серік нақышына келтіріп оқыды. Сонымен қоса роман – эссе жанры бойынша жазылған М Сәрсекеевтің «Қаныш Сәтбаев» роман -эссесі талқыланды, және роман – эссе жанрының ерекшелігі туралы анықтама берілді. Шара соңында белсене араласып өз оқыған шығармаларын ортаға шығып әңгімелеп берген студенттер мақтау қағазымен мараппатталды.

Омарова М.М.