Body: 





23.11.2022 г.

"Жас толқын"

23.11.2022 "Болашаққа қадам"ҚҚ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде колледж студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында "Жас толқын" ЖДО мамандары сөз сөйлеп, қауіпсіз жыныстық мінез-құлықтың маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, студенттерге Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және есірткі тұтынудың алдын алудың өзектілігі туралы ақпарат берілді. Іс-шараның барлық қатысушылары АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын алды.