Body: 





23.11.2022 г.

WorldSkills чемпионатына дайындық бойынша халықаралық біліктілікті арттыру курстары

Дайындық деңгейін көтеру мақсатында және WorldSkills Республикалық чемпионатына лайықты қатысуы үшін "Электрбайланыс" кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Сүндетова Айнагүл Қалиқызы мен 3РЭС-420Б тобының студенті Шәріп Дамир, 14 қараша мен 18 қараша аралығында, Мәскеу қаласындағы "ОПТЕЛ институтында" біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс такырыбы: "Қазіргі заманғы аспаптар мен құралдарды пайдалана отырып ТОБЖ монтаждау және өлшеу ерекшеліктері". Сабақ курсын "ОПТЕЛ институтының" оқу бөлімінің басшысы Спирин Алексей Алексеевич өткізді.
Курстың 30% -ы теорияға, 70%-ы практикалық түрде, яғни талшықты-оптикалық кабельдермен, оптикалық жабдықтармен, бақылау-өлшеу аспаптарымен жұмыс істеуге негізделді. Курс соңында қатысушылар емтихан тапсырды және біліктілікті арттыру туралы куәлік пен оқылған технологиялар бойынша сертификат берілді.
Осы курстарда алған барлық білімдер мен дағдылар аймақтық чемпионат жеңімпазы Шәріп Дамирдің Республикалық чемпионатта абыроймен өнер көрсетуіне септігін