Body: 





23.11.2022 г.

ШЕТЕЛДЕГІ ТАҒЫЛЫМДАМА

Бүгін 23.11.2022ж «Электрбайланыс» кафедрасының оқытушысы Сундетова Айнагүл Қалиқызы шетелдегі тағылымдамасы бойынша шеберлік сынып берді. Шеберлік сыныпқа кафедра оқытушылары мен әдіскер Ж.Мылтыкбаева қатысты. Шеберлік сынып «Заманауи құралдар мен жабдықтарды пайдаланып ОТБЖ өлшеу мен монтаждау ерекшеліктері» тақырыбында өткізілді.
Шеберлік сыныбында тағылымдаманың оңтайлы жақтары туралы, ОТБЖ демонстрациялау, байланыс жүйесіндегі өлшеулер реті, республикалық WorldSkills чемпионатының талаптары мен дайындық қажеттілігі туралы тиянақты ақпарат берілді. Сонымен бірге тағылымдама барысында түсірілген бейнебаян мен фотосуреттер тыңдаушылар назарына ұсынылды.
Осы тағылымдамаға, оқытушымен қатар, колледж қаржыландыруымен 3РЭС-420Б тобының студенті Шәріп Дамир де барды. Дамир өзіне желтоқсан айында өтетін WorldSkills чемпионатына қажетті білімді алып, дағдыларын дамытты. Әр күні белгілі бір жұмыс түрін орындап, жұмысты қажетті ретпен орындау алгоритмі игерілді.
Тағылымдама жетекшісі барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ресейде, жақын шетелдерде, соның ішінде Москва қаласында байланыс саласы бойынша бар жаңа құрылғылар, жабдықтар, өндіріс орындары мен оптикалық-талшықты кабельдердің түрлері, оларды сатып алу мен сатушылары туралы толық ақпарат алынды.
Осындай іс-сапар арқылы тәжірибе алмасу, тағылымдамадан өту оқытушыларға ғана емес, студенттер үшін де керек екені дәлелдеуді қажет етпейді. Осы ретте А.Сундетова колледж әкімшілігіне және колледж директоры міндетін атқарушы О.Жунуспековке ерекше алғысын білдірді.

Әдіскер: Ж.Мылтыкбаева