25.11.2022 г.
«Психобелсенді заттар мен электронды темекінің алдын алу»
2022 жылдың 25 қарашасында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес топ жетекшілерімен «Психобелсенді заттар мен электронды темекінің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді. Топ жетекшілері студенттерге электронды темекінің қалыптаспаған ағзаға тигізетін зияны туралы айтып берді.