Body: 




28.11.2022 г.

Топтың үздік оқырманы!

2022 жылдың 28 қараша күні, Жоғарғы Көлік және коммуникация колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында ұйымдастырылған, «Топтың үздік оқырманы» тақырыбында сайыс өткізілді.
Сайысқа 1Л-222 және 1М-222 тобтарының студенттері қатысты. Соның ішінде 1Л-222 тобының студенті Жұмахмет Гүлжайна (Айгүл Кемелбаеваның « Шашты»), 1М-222 тобының студенті Жорабаева Алтынай (М. Мағауиннің «Аласапыран»), 1М-222 тобының студенті Баймырза Ұлжан( М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні») шығармаларын қысқаша әңгімелеп бергендері басқа қатысушыларға жақсы әсер қалдырды. Сонымен шара соңында оқырмандардың таңдауы бойынша осы аталған студенттер кітапханашылардың дайындаған сыйлықтары мен алғыс хаттарымен марапатталды.