Body: 





29.11.2022 г.

«Қайырымдылық – асыл қасиет»!

2022 жылдың 29 қарашасында қалыптасқан игі дәстүр бойынша Студенттер үйінің тәрбиешілері мен студенттері елордалық Қарттар үйінде болып, Тәуелсіздік күніне орай «Қайырымдылық – асыл қасиет» атты концерттік бағдарлама өткізді.
Студенттеріміз қарттарға домбырамен ән айтып, күмбірлеген күй тартып, мың бұралған бишілер ұлттық би билеп, көптеген қуанышты эмоциялар, сергектік пен позитивті қуат сыйлады. Қарттарымыз студенттермен бірге ән айтып, қол соғып, өз ықыластарын білдірді. Мұндай іс-шаралар аға буын өкілдеріне деген құрмет пен сүйіспеншіліктің бір түрі. Бұл кездесу баршаға ең жылы әсер қалдырғаны сөзсіз.