08.12.2022 г.
Жас мамандардың бейімделуі, олардың жаңа ортада өзін-өзі анықтауы!
Колледжде 2022 жылдың 08-желтоқсанында жас педагогтарға «Жас маман мектебі» жұмысы аясында оқыту семинары өткізілді.
Семинарда академиялық дербестік, бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі, сабақ мақсаттарының қойылуы туралы айтылды. Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Чалгинбаева жас оқытушылардың сабаққа қатысу кестесін орындауы, сабаққа қатысудағы бақыланатын сабақ құрылымдары туралы түсініктеме берді.
Академиялық дербестіктің мамандық игеруде беретін мүмкіндіктері, бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесінің ерекшеліктері, әділ бағалауды жүзеге асыру туралы әдіскер Ж.Т.Мылтыкбаева баяндады.
«Жас мамандардың бейімделуі» тақырыбындағы тренингті колледж психологы Э.С.Бегалиева жүргізді. Жас және жаңадан қабылданған оқытушылардың колледж ұжымы мүшелерімен, студенттермен тіл табысып, жұмысқа жағымды көзқараста екені анықталды.
Отырыс соңында коворкинг өткізіліп, жас мамандарда туындаған сұрақтарға әдіскер Ж.Т.Мылтыкбаева жауап берді. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары белгіленді.
Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.