Body: 





12.12.2022 г.

"WorldSkills Kazakhstan 2022"!

Республикалық "WorldSkills Kazakhstan 2022" чемпионатында колледжіміздің студенті Шәріп Дамир "Ақпараттық кабельдік желілер" құзыреттілігі бойынша 3 орынды жеңіп алды.
Аумақтық сайыста жеңімпаз атанған кіл мықтылар арасында жоғары деңгей көрсетіп, үздік шыққан Дамирдің жеңіске жетуіне үлес қосқан жетекшісі Сүндетова Айнагүл Қалиқызын, Электрбайланыс кафедрасын және колледж ұжымын құттықтаймыз.

Шын шеберлерді, білімді шәкірттерді тәрбиелеп келе жатқан колледждің жеңісті күндері көп болсын!