Body: 





12.12.2022 г.

Тәуелсіз елім - тірегім!

Тәуелсіз елім - тірегім 12.12. 2022 жылы колледж сттуденттері “Колледж студенттері мен түлектерінің қауымдастығының” ұйымдастыруымен “Тәуелсіз елім-тірегім” атты колледж студенттерінің форумынға қатысты.
Форумның негізгі мақсаты студенттерді отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру. Өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, студенттерді патриоттық рухқа тәрбиелеу. Колледж жастары үшін жаңа бастамаларды құру, креативті жастардың басын қосып олардың ойын тыңдап, әлеуметтік белсенді, дарынды жастарды біріктіру. Колледж студенттері мен түлектеріне жаңадан дайындалған жобалар жайлы таныстыру.
Форумға Астана қаласының мәслихат депутаттары Разбекова-Тулеуханова Лязат Муратовна және Жанділдаев Бақдаулет Болатұлы, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Атымтай Бағдат қатысып, студенттерді алда келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтап, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.