Body: 





14.12.2022 г.

«Тұғыры биік Тәуелсіздік»!

14.12.2022 жылы колледжде көркемдік жетекші Н. Сейтмұратов пен топ жетекшілерінің жетекшілігімен ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты бірінші курс студенттері арасында патриоттық ән байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: жан-жақты үйлесімді дамуға ықпал ететін маңызды құрал ретінде патриоттық тәрбиені насихаттау, оларға жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды, патриотизм рухын және Отанға деген сүйіспеншілікті, оның қорғаушыларын құрметтеуді, Отанға қызмет етуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Колледж директоры Қапезов Бірлік Еркінұлы ұстаздар мен студенттерді құттықттап, баршаға тұрақтылық, бірлік, тыныштық тіледі. Байқау барысында Білім басқармасы мен колледж директорының алғыс хатымен бір топ оқытушыларды марапаттап, сайысқа қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - 1ОПУД-222, топ жетекшісі Э.Бегалиева
1 место-1ЭТС-222, топ жетекшісі К.Тумагалиева
2 место-1М-222, топ жетекшісі М.Ибраева
2 место-1ПМ-222, топ жетекшісі А.Калиакпарова
3 место-1РЭТ-222, топ жетекшісі А.Далабаева
3 место-1ЭН-222, топ жетекшісі Т.Жұмабек