Body: 





14.12.2022 г.

«Құзіреттер орталығы базасында Worldskills чемпионатына дайындық кезінде студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту» тақырыбындағы қалалық семинар!

2022 жылғы 14 желтоқсанда Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Құзіреттер орталығы базасында Worldskills чемпионатына дайындық кезінде студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинарды өткізу мақсаты - «WorldSkills» Ұлттық чемпионатына студенттерді дайындауда, мамандықтың заманауи дағдылары мен талаптарын қалыптастыруда көпбағытты жұмыстарды ұсыну.
Семинарға Астана қаласы колледждері директорларының орынбасарлары, техникалық бағыттағы колледждердің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, жалпы саны 60-тан аса педагог қатысты.
Семинарда «Ақпараттық кабельдік желілер», «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша шебер-сыныптары көрсетілді. Колледж педагогтері академиялық дербестік аясында жұмыс оқу бағдарламасын құрастыруда Worldskills талаптарын ескеру жолдарын түсіндіріп, халықаралық курстан өту барысында алған тәжірибелерімен бөлісті.
Колледждің арнайы пән оқытушылары Сайранкок Б., Дүйсенова Г.А. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбындағы курстан алған білімдерін ортаға салды. Сүндетова А.К., Муравьева С.А. Мәскеу және Қазан қаласында өткен офлайн курстың оңтайлы жақтарын көпшілік назарына ұсынды. Педагог-психологтары Бегалиева Э.С., Универқызы Ғ. Worldskills чемпионатына дайындық кезінде студенттерге психологиялық қолдау көрсету әдістерін пайдалана отырып, тренинг өткізді.
Семинарға қатысушылар инновациялық идеяларды енгізу арқылы байланыс, энергетика саласы мамандарын сапалы дайындауға колледж оқытушыларының қосқан үлесі зор екенін атап көрсетіп, іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г. Чалгинбаева